Абай облысы Бұлақ ауылында эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажет заттармен қамтамасыз етілген.Абай облысы Бұлақ ауылында эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажет заттармен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, кеше түнде орман өртінің қалың түтініне байланысты Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Адамдар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлікпен және қажет заттармен қамтамасыз етілді.Бүгінде Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.