Абай облысындағы барлық медициналық мекемелерде карантин жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Облыс әкімдігінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хаты негізінде облыстағы барлық медициналық мекелемерде карантин жарияланған."Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 296 "Абай облысында қызылша ауруы тіркелген жағдайда жәрдем көрсетуді ұйымдастыру туралы" бұйрығымен барлық медициналық ұйымдарда карантин енгізілді”, – делінген әкімдік хабарламасында. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Абай облысындағы қызылшаға қатысты эпидемиялық жағдай тұрақты. Мамыр айынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген. "Өкінішке қарай, қызылшаның бұрынғы ошақтарынан айырмашылығы, қазір негізінен жас балалар арасында тіркеліп отыр, айта кету керек, қызылшаға шалдыққандардың 56,0 пайызы (42 жағдай) бес жасқа дейінгі балалар", - делінген хабарламада.