Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді.Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді», - делінген мәліметте.Кеше, сағат 19:00-де өрт оқшауланғаны туралы хабарланған болатын.От 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын.Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, тілсіз жау 910 гектарға жуық жерду шарпыды.Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.