Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында 26 ақпанда таңғы сағат 08:00 шамасында жеке үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Abai News.Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйде шатырдың ағаш конструкциялары, қабырғалары, сондай-ақ терезе-есік ойықтары мен ағаш шаруашылық құрылыстары жанып жатқанын анықтады. "Өрт 10:56-да анықталып, 12:02-де толығымен сөндірілді. Өртті оқшаулау кезінде тұрғын үйден мәйіт табылды. Өрттің алдын ала аумағы - 100 шаршы метр. Оның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.