Абай облысындағы өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіруге ғалымдар көмектеседі. Бұл туралы Семейде өткен «Орман өрттері – XXI ғасырдың жаһандық мәселесі» атты халықаралық конференцияда айтылды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Ресей мен Болгарияның жоғары оқу орындарының мамандары орманды қайта түлетудің тиімді жолдарын ортаға салды. Олардың пайымынша, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып шекаралық аймақтағы ағаштарды кесіп, азайту керек. Тілсіз жауды ерте анықтау үшін цифрлы технологияларды қолданып, әуеден барлау жүргізу қажет. Семейде былтырғы алапат өрт кезінде 63 мың гектар аумақ отқа оранған болатын. Келген шығын көлемі - 160 миллиард теңге. Алексей Клевенко, Экологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі: Біздің зертханамызда орманды жедел қалпына келтіретін кешен әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты – қарағайды тездетіп өсіру. Мұның пайдасы зор. Топырақта жылу да, ылғал да сақталады.