ҚР Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өртпен күреске Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілетін болады. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-техника жұмылдырылған. «8 тікұшақ тартылды. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет жалпы көлемі 275,5 тонна су төгілді»,-делінген хабарламада.