Абай облысындағы тасжолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай тасжолының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке келген.Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.