Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері сотталды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары абайсызда кісі өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері сотталдыФото: polisia.kz Сотта 2023 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Т. Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, жәбірленуші М-мен жанжалдасып, ақырында оны ауыр соққыға жыққаны анықталды. Салдарынан жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан алған жарақаттардан қайтыс болған. Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілі мен куәгерлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы бастапқы айыпты өзгертіп, Т-ны ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Іс өзгертілген айып бойынша қаралды. Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, асырауында үш жас баласының болуын, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерген. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. "Сотталушы Т. өзгертілген айып бойынша ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі таңда іс апелляциялық сот алқасында қаралуда", - делінген Ақтау қалалық сотының хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмекті таңбалау: жаңа жүйе нарықты қалай ашық әрі қауіпсіз етеді
Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеуді алу жоспарын келер жылға қалдырды
«Омбы –Майқапшағай» жолында көлік қозғалысы шектелді
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді
Маңғыстау облысында есірткіні халықаралық деңгейде жеткізіп жүргендер ұсталды
«Желіде бұғаттайды»: Жәмила Бақбергенова сыңары Мәдинамен қарым-қатынасы туралы айтты
600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгереді
Павлодарда балаларға арналған 2 оңалту орталығы ашылды
Жезқазғанда тұрғын үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 5,5 % жаңартылды
Ақтөбеде мұғалім мен техник есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды