«Адам басына 6 млн теңге сұраған»: шетелде құлдықта қалған азаматтардың жағдайы белгілі болды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде құлдықта қалған азаматтар туралы айтты.«Соңғы кездері Таиланд пен Мьянма шекарасында орналасқан Алтын үшбұрыш деген аумақта Қазақстан азаматтары жұмыс құлдығына түсіп жатыр. Біз қанша ақпарат таратсақ та, баруды қоймай жатыр. Осы жылғы ақпаратқа сәйкес, 5 адам сол жерде қалды. Сәуірдің ортасына таман бір жігіт Таиландтағы консулға хабарласып «менің жанымда төрт адам бар, құлдықта отырмыз, көмек керек» деп хабарласқан. Бұл жағдайлар бұрын болғандықтан, консулдың тәжірибесі бар. Консул оларға кеңес берді»,- деді ол. Смадияров атағандай, компанияның аумағы шекараның жанында, онда кішігірім өзен бар. «Қазақ жігіттері сол өзенді жүзіп, Таиландтың шекарасына өтуі керек болған. Бірақ олар қашуларына жарты сағат қалғанда консулға хабарласқан. Консул Бангоктан ол жерге 7-8 сағат көлікпен жетуі керек. Ол әрине, үлгермейді. Жігіттер компания аумағынан шығып, оларлы компания өкілдері қуған. Төртеуі жүзіп үлгерген, біреуі жағада қалып қойған. Төртеуіне қуып жете алмаған. Олар консулға хабарласқан. Олар қазір Бангокта 3-4 күнде елге қайтады. Олар Таиландтың миграциялық заңын бұзғаны үшін сотқа тартылды. Депортация жасалады. Елшіліктің араласуымен олар айыппұлдан босатылды»,- деді ол. Смадияров атағандай, қалған бір азаматпен бір аптадан бері байланыс болмаған. «Компанияның қызметшілерімен байланыс орнаттық. Бірақ олар әлі дұрыс жауап бермеді. Компания бір азаматқа 6 млн теңге сұраған. Жігіттер ондай ақша болмаған соң, қашқан. Олар IT компаниясында жұмыс істеуге барған»,- деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"