"Адам бол": Қазақстан мен Нолливуд жаңа фильм түсіруде

Қазақстан мен Нолливуд күш біріктірді. "ProMooving" продюсерлік орталығы мен "DOSFILM" компаниясы нигериялық кинематографпен бірегей киножобаға кіріскен. Жаңа фильмді түсіруге нигериялық кино мамандары да атсалысуда. Фильм комедиялық экшн жанрында түсіріліп жатыр. Оқиға желісі бойынша қазақстандық үш жігіт Африкаға кездейсоқ барады. Басты кейіпкерлер - ірі кәсіпкердің еркетотай ұлы, автосалон басшысы және жеткізіп беруші жігіт. Олар қара құрлықтағы жергілікті тайпалар мен қылмыскерлердің қолына түседі. Тұтқында болған жігіттердің өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. Алмас ӘЛІМЖАН, "АДАМ БОЛ" ФИЛЬМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстан мен Нигерия арасындағы үлкен жобаның түсірілім жұмыстары жалғасуда. «Адам бол» фильмі бұл Қазақстандағы Нигериямен, яғни Нолливудпен бірлесіп түсіретін толық копродукция болып саналады. Бұл жобаның жалпы идеясы осыдан жарты жыл бұрын ойға келген болатын. Нигерияға келіп, зерттеу жұмыстарын жасап, енді бүгін міне, түсірілім жұмыстарына кірісіп жатырмыз. "Адам бол" киносының екінші режиссері -Чета Чуку. Оның бұған дейінгі туындылары Netflix Africa және Prime TV-да көрсетілген. Чета ЧУКУ, РЕЖИССЕР: Бұл жобадан күтерім көп. Ең алдымен ортақ жұмыс арқылы екі елдің мәдениеті арасындағы шекараларды жою. Жаңа бастама - киноиндустриядағы жаһандануға келген сияқты. Бұл Қазақстан мен Нигерияда түсірілген алғашқы фильм. Менің ойымша, бұл тамаша туынды болады. Жаңа жоба кино саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. "Адам бол" әлемдегі ең ірі шетелдік киностудия базасында өндірістік тәжірибеден өткен алғашқы қазақстандық кинотуынды болмақ. Фильм биылғы жылдың сәуір айында көрермен назарына ұсынылады. Әзірге «Адам бол» атауындағы кино Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Африка құрлығында Netflix Africa және Prime TV танымал платформалары арқылы прокатқа шығады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды