Астанада Мүгедек жастар қоғамының ұйымдастыруымен боулинг ойыны өтті. Қатысушылар көздеріне мата байлап, командаларға бөлініп сайысқа түсті. Бұл шараның мақсаты -осы ойын арқылы толыққанды адамдардың бойындағы жаңа қабілеттер мен мүмкіндіктерді ашу. Адам көзін жұмған кезде оның сезімталдығы 5 есе артып, мишық басқаша жұмыс істей бастайды.Осының арқасында адам өзі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың бәсекелестік деңгейін арттырады. Бұл экстрабилділік – деп аталады. Бүгінде мүгедектердің көптеген қоғамдық ұйымдары халықаралық экстрабилдік қозғалысына қатысып жүр. Мұрат ӘБДІМҮМІН, МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Біз боулингті жабулы көзбен ойнаймыз, бұл ойынның ерекшелігі неде десеңіздер. Толыққанды денсаулық бар адамдарда жаңа сезімдерді дамытады. Осы арқылы, біз халықаралық экстрабилділік қозғалысының бір бағытын білдіреміз.Бірлескен іс-шаралар арқылы дені сау адамдарға бұрыннан бар және табиғат берген жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектесуге тырысамыз деп үміттенеміз.