Америкалық Neuralink компаниясы адам миына алғаш рет чип орнатты. Бұл туралы Илон Маск өз парақшасында жазды. Кәсіпкердің айтуынша, Telepathy - олардың алғашқы өнімі. Чип мүмкіндігі шектеулі адамдардың телефон мен компьютерді ой күшімен басқаруына жағдай жасады. Жоба негізі 2016 жылы қолға алынған. Бұған дейінгі жануарларға тәжірибе жасалған. Илон МАСК, КӘСІПКЕР: Neuralink импланты бірінші рет адам миына салынды, оның қалпына келуі жақсы жүріп жатыр. Бұл чиптің алғашқы пайдаланушылары аяқ-қолдарын басқару қабілетінен айырылған адамдар болады. Стивен Хокингтің жылдам мәтін теруші құрылғыдан да тез сөйлегенін елестетіп көріңізші. Керемет емес пе?! Біз осы мақсатқа жетуді көздейміз.