Адам саудасына байланысты елімізде жыл сайын 100-ге жуық қылмыстық іс тіркеледі. Зардап шеккендердің көпшілігі нәзік жандар. Құлдықтың қамытын киген жәбірленушілердің құқығын қорғау маңызды. Осы мақсатта "AMANAT" партиясы мен Парламентаризм институты бірлесіп "тірі тауар" бизнесіне тосқауыл болатын заң жобасына өзгерту енгізбек.Берік БЕКЖАНОВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Адам саудасы - адамның құқығын шектеу арқылы құқығын бұзу деп түсінгеніміз жөн болар. Сондықтан бұл мәселе заңмен реттелуі тиіс. Елімізде қандай проблемалар бар, шешімін таппаған өзекті мәселелер бар. Осы проблемаларды заң деңгейінде шешу мәселесі қаралуда.