Өлімге әкеп соғатын жүрек ұстамалары көбінесе дүйсенбі және жексенбі күндері болады екен, деп жазады BAQ.KZ.Бұл туралы Ирландия Корольдік хирургтар коллегиясы мен Белфаст денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қорының ғалымдары мәлім етті, "Зерттеушілер анықтағандай, жүрек ұстамасының ең қауіпті түрі, жіті миокард инфарктісі атымен танымал дертке адамдар көбінесе дүйсенбі күндері ұшырайды екен. Дерт ST (ИМпST) сегментінің күрт жоғарылауымен байқалады. Бұдан бөлек, бұндай оқиғалар жексенбі күні де жиі болатыны анықталды. Жұмыс аптасының басталуы мен миокард инфарктісі жиілігі арасында статистикалық корреляция байқалады. Бұның нақты себебі әзірге анықталмады. Оған көптеген фактор себеп болуы мүмкін", - деді зерттеушілер. Сонымен қатар олар ST (ИМпST) сегментінің күрт жоғарылауы салдарынан болатын жүрек ұстамасы санының көбеюіне күйзеліс гормоны әсер етеді дейді. Daily Mail мәліметінше, бұл демалыстан кейін жұмысқа оралғандағы толқумен байланысты болуы мүмкін.