Адамдар неге шыдамсыз?

Адамдар шыдамсыз болып барады. Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізді. Тәжірибе нәтижесінде әлем халқының 90 проценті ұзақ күте алмайтыны анықталған. Тіпті, тең жартысы шыдамсыздықтың кесірінен түрлі психикалық ауруға шалдыққан. Адамдар қайда асығады? Аружан Задабек тұрғындардың төзімін тексеріп көрді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Петличкамды тағып алайын. Ернұр аға, тез-тез түсіріп, қайтайықшы. Дайынсыз ба? Мен дайынмын, болды. – Не деген шыдамсызсың, тұра тұрсай. – Тез-тез түсірейік. – Шыдамсыз екенсің. – Болды кеттік. Құрметті көрермен, біз дәл қазір әлеуметтік эксперимент жасау үшін қала көшелерінің біріне шықтық. Халықтың шыдамдылығын тексермекпіз. Ендеше, кеттік. Эксперимент басталды. Алдымен «бір кісіге хабарласып алайыншы» деп кезіккендерден ұялы телефон сұрадым. Қымсынбай ұзақ сөйлестім. Тұрғындардың бірнеше минуттан кейін шыдамы таусылды. Ал, кейбірі, тіпті, телефон беруге уақыт жоқ деп қашты. Көшеге шықсаң, тамаша күнге шомылып, емін-еркін жүрген адамды кезіктіру қиын. Сонда жұрт қайда асығады? Бұл әйел шынымен жұмысқа асығып бара жатқанға ұқсайды. Автобусқа үлгерейін деп, баласының алдына түсіп жүгірді. Сананы тұрмыс билеген заманда жұмысқа асығу таңқаларлық жағдай емес. Кәсіпкер Әсел Сүлейменқызы сегіз жылдан бері опа-далап сатумен айналысады. Оның жұмысы - тұтынушылардың тері ерекшеліктеріне қарап, қажетті тауар ұсыну. Бірақ соңғы жылдары тұрғындар тым шыдамсыз болып кеткен – дейді. Талабының тез орындалғынын қалайды. Әсел СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР: Бұрын адамдар өздері келіп, асықпай құрамына қарап таңдап алатын. Ал, қазіргі таңда адамдардың уақыттары жоқ. Қазіргі таңда мен жедел жеткізу жүйесін қостым. Себебі халықтың таңдауы – сол. Уақытылы жеткізуді сұрайды. Егер де уақытылы жеткізбеген жағдайда шыдамсызданып, тіпті, ұрыс шығаратын да кездері болады. Әлеуметтік желі мен смартфонның бірінен кейін бірінің пайда болуы өмірді түбегейлі өзгертті. Халық цифрлық құралдарға неғұрлым оңай қол жеткізген сайын, бәрінің тез болғанын қалай түсті. Бұл, сәйкесінше, шымдамсыздыққа алып келеді дейді – психолог. Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Адам қазір шыдамсыздықты өзі әдетке айналдырып бара жатқанын көруге болады. Тіпті, қысқа мерзімді видеоларды ұзақ мерзім қарай алмай жатады. Одан кейін ұзақ посттарды оқуға деген шыдамсыздығы бар екенін көруге болады. Яғни, адам осы бір ритмнен қалып қоямын деген қорқыныштың әсерінен өзі өмірін тездетіп бара жатқанын көруге болады. Шыдамсыз адамдар туралы америкалық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізген. Олар да тұрғындардың төзімдігіне технологияның қарыштап дамуы себеп – дейді. Жан-Филипп ЛАШО, НЕЙРОБИОЛОГ: Адамдар смартфондағы қосымша лезде ашылмаса, ашуланады. Кассада кезек болған соң, дүкенге барудан бас тартады. Ескі фильмдерді көргісі келмейді. Себебі, сюжеті тым баяу. Шыдамсыздық - жылдамдық идеясымен басқарылатын әлеуметтік өмір нәтижесі. Адам күнделікті қабылдайтын ақпарат легі анағұрлым көбейген. Сол себепті бізге уақыт жетпейтіндей көрінеді. Шариғатта да шыдамсыздық туралы көп айтылған. Құрандағы аяттар сабырлы болуға шақырады. Онда шыдамдылық таныту – парасаттылықтың нышаны - дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады