Адамдар өлім алдында қандай сөздерді жиі айтады?

Адам өмірінің соңғы сәттерінде өзін қалай ұстайтынын және не айтатынын білмейді. Адам ол кезде не туралы ойлайды, кімге және не айтқысы келеді? Паллиативтік көмек көрсететін американдық дәрігерлер Мина Чанг пен медбике Джули Макфадден Daily.mail-ге науқастар өлім алдында не дейтінін айтып берді,-деп жазады massaget.kz."Мен еш өкінбеймін" және "өкінішті"Мина Чанг науқастардан "мен еш өкінбеймін" деген сөзді жиі еститінін айтады. Ал медбике Джули Макфадден қарт кісілер, керісінше, өз өмірлеріне аса мән бермегеніне, отбасы мен достарынан алыстап кеткеніне және өте көп жұмыс істегендері үшін өкінетінін айтады.Біреулер жақындарына ұзақ уақыт бойы маңызды нәрсені айта алмағанына өкінеді. Көпшілік ұрысып қалған, бірақ достаспағанын есіне алады.Сондай-ақ науқастар көру, жұту, жүру және ауырсынуды сезбей өмір сүру секілді нәрселерді бағаламағанын және денсаулығын "міндетті" деп қабылдағанын мойындайды."Мен өлуге дайын емеспін" және "мен дайынмын"Ұзақ ауырғаннан кейін қайтыс болған жастар өлім алдында жиі өлуге дайын емес екендерін айтады. Көпшілік бұл өмірде әлі көп нәрсені жасамағанын айтады. Кейде егде жастағы кісілерден өмірден өтуге моральді түрде дайын екендерін, тыныш және жақсы өмір сүргендерін естуге болады."Мен сені жақсы көремін"Медбике Джулидің айтуынша, адамдар өлім алдында жиі өмірден өткен әке-шешелеріне "мен сені жақсы көремін" деп айтады."Әрине, бұл біз кинода көретіндей соңғы демінде айтатын сөздер емес. Кинода оны драмаға айналдырады", - дейді медбике.Оның айтуынша, хоспистегі (хоспис - аурудың соңғы сатысында өлім алдында жатқандарға жан-жақты қолдау көрсететін мекеме) науқастар жалпы ата-анасының өлімі мен олардың өмірі жайлы, олардан не сұрағысы келетінін көп ойлайды. Өлім алдында ата-ана жайлы ойлар өзінше бір "жұбаныш көзіне" айналады."Кешір мені" және "мен сені кешірдім"Хосписте дәрігерлер тек науқастардың жағдайын емес, олардың жақындарымен қарым-қатынастарын да жақсартуға тырысады. Әдетте, өлім алдында науқастар туғандарынан кешірім сұрайды немесе олардың қандай да бір жаман әрекетін кешіргенін айтады."Маған үйге бару керек"Науқас хосписте ұзақ уақыт өмір сүрсе де және оған үйреніп қалса да, өмірінің соңғы минуттарында ол қатты үйге қайтқысы келеді.Туған тілінде сөйлейдіДәрігерлердің айтуынша, адамдар өмірінің соңғы минуттарында кенеттен өзінің туған тіліне ауысып кетеді. Әдетте, адам басқа елде өмір сүріп, басқа тілде сөйлеп жүрсе де, өлім алдында туған тілінде сөйлеп кетеді екен.Ештеңе айтпайдыКейде адамдар оның ағзасында болып жатқан өзгерісті жоққа шығаратынын соншалық, олардың рефлексияға, жақындарымен сөйлесуге, қоштасуға күші қалмайды."Олар өз жағдайы жайлы ойламауға тырысады, алайда олар туғандарымен қоштасса, жеңілдеп қалар еді", - дейді дәрігерлер. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды