Сәуір айының басында жерде қатты магниттік дауыл болады. Бұл көптеген адамның өзін жайсыз сезінуіне әсер етуі мүмкін, деп жазады amic.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.Магниттік дауылдың күші күннің тәждік ойығына тікелей байланысты. Күнде үлкен тәждік ойық пайда болды. Ойықтың көлемі біздің планетамыздан 18-20 есе үлкен.Тәждік ойық - күн тәжіндегі плазманың қысымы мен қызуы төмендеген аймақтар. Бұлар магниттік алаңның толқуына алып келеді. Сондай-ақ тәждік ойық ғарышқа күн дауылын жібереді. Бұл спутниктер мен электронды құрылғыларды зақымдауы мүмкін.Астрологтар пікірінше, күннен шығатын жел жерге 31 наурыз күні жетеді. Бұл кезекті магниттік дауылдың соғуына әсер етпек. Ал сәуір айында түрлі деңгейдегі магниттік дауылдар болады.Ең мықты деген магниттік дауыл 1-7 сәуір аралығында өтеді деп күтілуде. Келесі магниттік дауылдар 11, 16 және 24 сәуірге сәйкес келмек. Магниттік дауыл ауа райына тәуелді адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Созылмалы аурулар өршіп, түнгі ұйқы бұзылады деген болжам бар. Ал кейбір адамдардың көңіл-күйі құбылмалы болады. Айта кетелік, соңғы алты жылдағы ең мықты магниттік дауыл 2023 жылдың 23-26 наурызы аралығында болды.