Адамды пышақтап өлтірген кәмелетке толмаған балалар сотталды

Адамды пышақтап өлтірген кәмелетке толмаған балалар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Д. мен М-ға қатысты істі кассациялық тәртіпте қарады.Сот үкімімен кәмелетке толмаған Д. ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9), 14) тармақтарымен (кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Кәмелетке толмаған М., ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (қару қолдана отырып бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.Сот алқасы іс материалдары мен келтірілген дәлелдерді зерделей келе, Д. мен М.-ның кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді.Туындаған жанжал кезінде Д.-ның жәбірленуші И.-ны пышақтап өлтіргені, одан И. қайтыс болғаны анықталды. Сотталған М., басқа жәбірленушіге жеңіл пышақ жарақатын салған. Д-ның қолында пышақ болғанын куә ғана емес, сотталған М.-да растаған. Куәнің айғақтарына сәйкес, Д.-ның соққысынан кейін жәбірленуші орнында тоқтап, футболкасын көтерген, оның астынан қан кету басталған.Д. мен М.-ның кәнісі сондай-ақ беттестіру хаттамаларымен, тергеу эксперименттерімен, сот сараптамалардың қарытындыларымен дәлденді.Сотталғандардың әрекеттері бұзақылық ниеттен жасалған деп дұрыс сараланады. Процеске қатысушылардың айғақтарынан белгілі болғандай, Д. мен М. жанжал басталғаннан кейін болмашы мәселе бойынша достарынан пышақ әкелуді өтінген, т.б. жанжалдың жалғасуына қасақана арандатып, ауыр қылмыстар жасау ниетінде болған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот алқасы сот актілерін күшінде қалдырып, прокурордың наразылығын қанағаттандырудан бас тартты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Айтпай-ақ қояйық дегенбіз»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты жазба жариялады
Сот Мейіржан Төребаевты шартты түрде бостандыққа шығарудан бас тартты
Ақтаудағы ұшақ апаты: жолаушылардың тізімі пайда болды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған