Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық музейлер күні мерекесімен құттықтады. «Құрметті достар! Бүгін — Халықаралық музейлер күні. Бұл мереке 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленді.Мерекені жыл сайын 150-ден астам елде, әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке насихат етіп жүрген музей мамандары атап өтеді.Мұражайлар біздің жадымыз бен тарихымыз ғана емес, бұл адамзат мәдениетінің, даналығы мен білімінің қоймасы», — деп жазды Facebook әлеуметтік желісіне. Министр адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес. Бұл тұлғаның рухани дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Қазақстанда 271 музей жұмыс істейді, оның 17-сі „республикалық“ мәртебеге ие.2023 жылы „Әзірет-Сұлтан“ мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына „Ұлттық“ мәртебе берілді. Еліміздегі ҚР Орталық мемлекеттік музейі мен ҚР Ұлттық музейі тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар істеп отыр. Қазақстан тарихы мен мәдениеті саласында іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып келеді.Орталық мемлекеттік музей қорында 272 мыңға жуық экспонат бар, оның 28154-і ұлттық мәдени мұра тізіліміне енген. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне биыл 10 жыл толады.Оның қорында 220 мыңнан астам экспонат бар. Артефактілер арасында палеонтология, археология, қару-жарақтар, нумизматика, алтын және асыл металдар, сәндік және бейнелеу өнері коллекциялары бар», — деді министр.Министрдің сөзінше, Ұлттық музей — елорданың халық ең көп келетін мәдени нысандардың бірі. Ашылғаннан бері оған 4 миллионнан астам адам, оның ішінде шет мемлекеттер мен үкімет басшылары, әлемнің жетекші компаниялары мен ұйымдарының өкілдері келген.«Еліміздің мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарының сақтаушысына айналған барша музей мамандарын мерекемен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз бәріміз үшін өте маңызды және біздің қоғамды үлкен өзгерістерге жетелейді.Сіздер еліміздің бірегей әрі қайталанбас тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлығын келешек ұрпақ үшін сақтап келесіздер.Сіздерге толайым табыс, сарқылмас күш-жігер мен мол игілік тілеймін», — деп жеткізді тілегін министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Ішінде 2 бала болған: Тараз қаласында жеңіл көлік 4 метрлік шұңқырға түсіп кетті
Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады
"Оптом" тұсаукесер: Дәулет Мұқаев бір күнде қырықтан аса баланың тұсауын кесті
Щучинск қаласында екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
"1+1=3". Танымал блогер мен футболшы оқырмандарынан сүйінші сұрады
Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайына қатысты пікір білдірді
«Жігітше бар шындықты айтамын»: «Меломен» тобының әншісі өзін ұрып-соқты деген әйеліне жауап берді
Павлодар облысының құтқарушылары туристі таудан түсірді
"Елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық": Гүлзира Айдарбекова тосын жаңалық айтты
Рыбакинаның басты қарсыласы Париж Олимпиадасына қатыспайды
Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын балуандар анықталды
"Неге майысып жүреді?" 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырған жігіт хейтерлеріне жауап берді
Атырау облысының полицейлері әйел адамды құтқарып қалды
"Өмірден өткеніне 4 жыл". Ерке Есмахан марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
"Қадіріңді кетірмей-ақ қой!" Жігер Ауыпбаевтан кеткен қойшы бала жаңа продюсер тапқан
"Астана" мен "Ордабасы" ойынында қателік жасаған төреші қатаң жазаланды
Биыл жұмысынан айырылған 162 мың адам төлем алды
"Самара-Шымкент" және "Ақтөбе-Орск" тасжолдарына интернет тартылады
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Алматыда 100-ге жуық әншіні алдаған «композитор» ұсталды