"Адамсенгісіз аңыздар". Ғабидолла Әбдірахымов алғаш рет Лондондағы атышулы видеосына пікір білдірді

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондондағы атышулы видеосына қатысты алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Айта кетейік, 2019 жылы Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондонда жүріп түсірген видеосы қызу талқыға түскен болатын. "Лондон - әлем астанасы, оны дәлелдеудің қажеті жоқ, әрине. Бірақ мен Қазақстанды көбірек жақсы көремін. Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп, әлемге саяхат жасау керек. Нағыз бақыт осы секілді. Әсіресе, бізге - өз отанының патриоттарына", - деген еді әкім видеода.Осы видеодан кейін Әбдірахымов Шымкент әкімі лауазымынан босатылған болатын. Әбдірахымов әлі күнге дейін өзіне қатысты түсініксіз жайттардың, атап айтқанда Лондоннан жасаған "атышулы" бейнежазбасына қатысты алыпқашпа әңгімелер айтылып жүр екен. "Адамсенгісіз аңыздар мен жорамалдарға ұласып, басылатын түрі жоқ. Лондондағы жылжымайтын мүлкім туралы дақпырт бір мысалы ғана. Әйтпесе, менде де, менің жақындарымда да шетелде мүлдем баспана болған емес. Осы уақыт ішінде мен жекелеген блогерлер мен журналистердің көпе-көрінеу жалғандық пен нақақ жалаға құрылған жазбаларына назар аудармауға тырысып келдім.Бірақ неғұрлым елемеген сайын, менің абырой-беделіме нұқсан келтіру үшін әдейі өршітілген жалған ақпараттар да өртеңге шыққан көк шөптей соғұрлым қаулап барады. Шамасы, авторсымақтар өтірікті судай сапырған сайын, оған иланатындардың қатары да молая түседі деген принципті мықтап ұстанатын секілді", - дейді экс-шенеунік.Әбдірахымов 2019 жылдың маусымда Лондонға не үшін барғанын түсіндірді."Мен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) шақыруымен Лондонға үш күндік қызметтік іссапарға ұштым. Сапардың мақсаты Шымкентте екі кәріз тазарту құрылысын (КОС) салу үшін ЕҚДБ-мен инвестициялар тартуға арналған Меморандумға қол қою болды. Өйткені қалада жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту жүйелерінің қуаты жеткіліксіз еді. Мемлекеттік бюджеттен бұл мақсаттарға қаржы көзделмеген болатын. Лондондағы қорытынды келіссөздердің нәтижесінде ЕҚДБ вице-президентімен осы мәселе бойынша біз тиісті Меморандумға қол қойдық. Бұл Шымкенттің дамуы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты үшін аса маңызды құжат еді", - дейді ол. Осылайша экс-шенеунік барлық қызметтік мәселені шешкеннен кейін қаланы аралап, оның көрікті жерлеріне серуендеп қайтуды шешкен. "Естеріңізде болса, сол кезде қазақстандық жастардың шетелдерге қоныс аударуы туралы көптеген жарияланымдар шығып жатты. Мен осы тұрғыда өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіре кетуді жөн санадым", - деп түсіндірді Әбдірахымов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Тәуелсіздік күнінде ауа райы қандай болады?
Халық қатысатын бюджет: Алматының Алмалы ауданында қандай жобалар іске асты
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Шарлапаев Семей аяқ киім фабрикасында болды
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Лос-Анджелес олимпиадасында өзімді дәлелдеуге тырысамын - Айбек Оралбай
«Әттең, айтатын тілі жоқ»: Қызылордада тәрбиешілер дәретін ұстай алмай қалған баланы қорлаған
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ