Ташкентте 1 апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Ол "Бунёдкор" стадионының тұрағында көліктен басына пакет кигізілген күйде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 27 жастағы өзбекстандық 31 тамызда кешкі сағат 18:00 шамасында үйінен шығып, "Ласетти" көлігіне отырып, белгісіз бақытқа кетіп қалған. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген.Жедел іздестіру шаралары барысында көлік 1 қыркүйекте Чиланзар ауданындағы "Бунёдкор" стадионының тұрағынан табылды. Оның ішінде басына пакет кигізілген ер адам табылды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 97-бабының 1-бөлігі (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.