"Адамзаттың бейбіт даму құндылықтарын ұжым болып ілгерілететін уақыт келді", - Президент

«Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу». Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы Астана саммиті осындай атаумен өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен болған кездесуде айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствасының басшыларына үлкен үміт артылатынын жеткізді. Себебі, аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету - Ұйымның негізгі міндеті.Бүкіл адамзат үшін үйлесімді даму мұраттары мен құндылықтарын ұжым болып ілгерілететін уақыт келді. Қазіргі сындарлы кезеңде өзекті мәселелерді шешу үшін мұндай жиындардың маңызы жоғары. Бұған Президент ерекше тоқталды. Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ Беларусь өкілдерінің жиынға қатысуы Шанхай рухын одан әрі күшейтуге ықпалын тигізеді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қазірдің өзінде біздің ұйымға Еуразия құрлығындағы он мемлекет мүше. Бұл елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы осы мемлекеттерге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде Ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Бүгінде ШЫҰ-ның цифрлық, туристік және энергетикалық салалар бойынша ұйымдастырылған форумдарын қоса алғанда,100-ден астам іс-шара өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамаларын қолдағаны және бірлескен табысты жұмысы үшін ұйымға мүше мемлекеттерге алғыс айтты. Сондай-ақ Президент кездесу барысында киберқауіпсіздік, есірткі, терроризм, сепаратизм және экстремизм секілді қоғамдағы өткір мәселелерді көтерді. Зұлым күштерге қарсы күрес Ұйым ынтымақтастығының тұрақты назарында болуға тиіс екенін баса айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Өз кезегінде ШЫҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясы бойынша жұмыстың аяқталуы, терроризмді қаржыландыру арналарын бұғаттауды қоса алғанда, есірткі қаупіне қарсы күресу үшін өзара қабылданып жатқан шараларды күшейте түседі. Осы жетістіктердің барлығы – Ұйым кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі келісілген және нақты шаралардың айқын дәлелі. Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына бүкіл әлем көз тігіп отыр. Жасалған жұмыстарға басқа державалар қызығушылық танытады. Саяси мінберлерде Ұйымға қатысты көптеген сұрақ қойылады. Мемлекет басшысы ұйымға мүше елдер Азиядағы, Еуразия құрлығындағы, жалпы әлемдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтау жолындағы қағидаттарын дәйекті түрде нығайтып жатқанын айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Астана декларациясының қабылдануы, біздің көзқарасымыз бойынша, әлемнің түрлі өңірлеріндегі қақтығыстарды реттеу үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруге ықпал етеді. ШЫҰ-ны одан әрі реформалау ісіне ерекше мән беру қажет. Сергей ЛАВРОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:ШЫҰ-ның шарықтауына бар күш жігерімізді саламыз. Әлемдік аренада бірлігіміздің нығаюы үшін аянбаймыз. Ван И, ҚХР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:Әлемдегі тыныштықты сақтауда біздің ұйым ықпал етуі керек. Соңғы 100 жылдағы әлемде болып жатқан өзгерістерге қарамастан, ұйымның негізгі міндеттерін жүзеге асыру керек. Стратегиялық мақсатымыз бен саяси сенімімізді арттыра беруіміз керек. Президент Сыртқы істер министрлерінің қарқынды жұмыстарының нәтижесі Астанада болатын ұйым отырысын табысты өткізуге ықпал ететініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында белсенді жұмыс атқарғаны үшін ведомство басшыларына алғыс айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенаторлар өңірлерге барады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды