Адай жылқысына халықаралық ресми мәртебе беруі мүмкін

Маңғыстау облысында Адай жылқы тұқымына асыл тұқымды жануар мәртебесін беру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық ұзақ қашықтықтағы ат жарысы турнирі өтті. Ол үшін арнайы халықаралық Ат спорты федерациясының төрешілері шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.Іс-шара халықаралық стандарттарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Жылқылардың шабысын бағалауға БАӘ мен Алматыдан халықаралық Ат спорты федерациясының алты төрешісі қатысты. Ат бәйгесінде бірінші орынды 100 шақырым қашықтықты ең аз уақыт аралығында бағындырған және халықаралық стандарттарға сәйкес бақылауда жүрек соғысы минутына 64 соққыдан аспайтын әрі жарақат алмаған сәйгүлік иеленді. Іс-шараға жергілікті қатысушылардан басқа, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Алматыдан, Семей қалаларынан шабандоздар қатысып, Адай жылқысының шабысын сынап көрді. Жарысқа қатысушылар салмақ пен жас талаптарына сай, дене салмағы 70 келіден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар жасы 18- ден асқан болуы керек. Жарыста осы межелердің барлығына сәйкес келген, әрі жпқсы нәтиеже көрсеткен Көк жебе есімді адай тұқымды тұлпар жеңіске жетті. Тұлпар 100 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 48 минут 36 секундта бағындырып, алтын медаль мен бірінші орынға ие болды. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафонында 1 орын алған Көкмойнақ командасының құрамында капитан болған Көк жебенің иесі Ербол Ермағамбетов жылқыны жарысқа дайындау үшін бір айдан астам уақыт кеткенін айтты. Нәтижесінде «Көк жебе» қайсарлық мен төзімділік танытып, ат жарысында үздік өнер көрсетті және онысымен көпті сүйсіндірді. Екінші орынды 4 сағат 48 минут 54 секунд уақыт көрсетіп, «Ай күрең» жылқысы иеленді, ал үшінші орын 4 сағат 50 минут 11 секундта 100 шақырымдық қашықтықты еңсерген «Нұр қасқа» атты тұлпарға бұйырды. Жарысқа жалпы есепте Жетісу мен Ақтөбе облыстарын қосқанда барлығы 31 ат қатысты. Айта кетейік, 2022 жылы Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы «Ұлы Дала жорығы» республикалық марафонында адай жылқысымен 1200 шақырым жүріп өтіп, бірінші орынды иеленген болатын. Биылғы жылы да осы марафонда маңғыстаулық Адай атын тізгіндеген шабандоз Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды небәрі 98 сағат 44 минут 47 секундта бір атпен жүріп өтіп, рекорд орнатты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Беті бері қарады: сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты тың дерек айтылды
«Балалар толығымен күйіп қалған»: Түркістан облысында газ жарылысынан әкесі мен екі ұлы қаза тапты
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты
АҚШ-та TikTok бұғатталды
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Беті бері қарады: сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты тың дерек айтылды
АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды
АШМ: Картопты үшінші елдерге әкету 6 айға шектелді
Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді
Картоп бағасының неге қымбаттап кеткені белгілі болды
Көкшетауда емделушінің әкесі дәрігерге жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)
Қазақстанда картоп экспортына шектеу енгізіледі
Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда картоп бағасы қымбаттады: үкімет не дейді?
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Павлодарда 29 жастағы әке балаларына 4,5 миллион теңге қарыз