«Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті», - Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы боп тағайындалды. 1 қаңтардан бастап жұмсықа кіріседі. Сондай-ақ бүгін Президент Сенат отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары Президент ұсынған кандидатураны бір ауыздан қолдады.Мемлекет басшысы еліміз үшін ең басты мақсат ішкі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалу деді. Себебі биыл еліміз зор қатерге тап болды. Президент барлық салада қарқынды реформалар басталғанын айтып, өзгерістер келесі жылы да жалғасады деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Реформаның ауқымы кеңейді. Біз үшін бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты Парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары болмақ. Сондықтан келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім Мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігі біртіндеп артқанын және Конституциялық реформалар арқылы көптеген өзгеріс жасалғанын атап өтті. Өйткені еліміз күшті Парламенті бар Президенттік республика жүйесіне көшті деді. Соның негізінде енді мемлекет басшысының туыстары билікке келмейді және президент ешқандай партияға мүше болмайды. Сондай-ақ, ел басшысы 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланады. Бұл өз кезегінде билікті жеке-дара иеленуге жол берілмейді деген сөз деді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы адам құқығын қорғау саласына айрықша мән беріліп отырғанына тоқталды, бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Өлім жазасына біржола тыйым салдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға жаза қатайды. Сот реформасы жүзеге асырылып жатыр. Заң үстемдігі және қазылардың дербес әрі әділ болуы – басты назарда. Тағы да қайталап айтамын: әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті. Қоғам бізден осыны күтіп отыр. Президенттің айтуынша, бұл бастама азаматтарымыздың өз құқығы мен еркіндігін қорғауына жаңа мүмкіндік береді. Конституциялық соттың мұндай моделі дамыған елдердің көпшілігінде қолданылады және Конституцияның үстемдігін орнатуға ықпал етеді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштерімен жиі айналысатын Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Қараша айында Парламент «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң қабылдады, ол оның жұмыс тәртібін реттейді және конституциялық іс жүргізу принциптерін анықтайды. Қазіргі уақытта Конституциялық Сот аппаратын реформалау жұмыстары аяқталып келеді. Президент Конституциялық Соттың кадрлық құрамын жасақтау кезінде сабақтастық сақталуға тиіс екенін айта келіп, жаңа органның төрағасына айрықша міндет жүктелетініне назар аударды. Осы ретте Мемлекет басшысы осы жауапты қызметке Эльвира Әбілхасымқызы Азимованы ұсынды. Оны сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан қолдады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ермекұлы Ластаевты тағайындады. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды