Әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында қонақ болды. Сұхбат барысында әншінің жұбайы ел арасында айтылатын қаңқу сөз туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Өнер иесінің ұлы Әділет Майғазиев көбіне жұмыстарына, шетелде болуына байланысты отбасылық сәттерде бірге бола алмайтынын жеткізді."Есепшімін. Қазіргі таңда өз мамандығыммен басқа мемлекетте жұмыс істеп жүрмін. Жақында ғана келген болатынмын. Әкем "неге отбасылық жиындарға, сұхбаттарға қатыспайсың, ешбір естелік жоқ" дейді. Расында, көбі "бөтен отбасының баласы шығар" деп ойлайтын шығар", - деді Әділет Майғазиев.Ал Сәкен Майғазиевтің жұбайы тіпті кейбіреулер "Әділетті әншінің бірінші әйелінен туған ұл" деп ойлайтынын айтады. "Біздің қыздардың педиатр дәрігері бар. Бір күні "ыңғайсыз болса да бір сұрақ қояйыншы" дейді. "Иә, қойыңыз" десем, "мына жердегі қыздардың бәріне қызық болып жүр. Осы Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой. Инстаграмнан суреттерді қарасақ, үш қызбен түсесіздер, үш қызбен шетелге қыдырады екенсіздер, Әділетті қоспайсыздар" дейді. Оларға өгей шеше сияқты қоспай жүрген болады екенмін", - деп күлді өнер иесінің жұбайы. Айта кетейік, бүгінде әнші жұбайымен бірге бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.