Адвокаттардың құқық қорғау процесіндегі рөлін арттыру керек – Президент

Мемлекет әлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасы болуға тиіс. Әрбір азаматтың өз құқыған қорғауға сенімді болуы, соттардың әділдігіне күмән келтірмеуі маңызды. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында. Екінші жағынан, Президенттің айтуынша, барлық азаматтар сотта өз құқығын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне бірдей қол жеткізуі керек. Осы мақсатта мемлекет әлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді. «Сондай-ақ, адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуге тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрігер шығыңқы іш қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты
Теміртау маңындағы жол апатынан екі бала қаза тауып, 10 адам зардап шекті
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Полицейлер бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде автокөлік құралын басқарғанын анықтады
Бүгін халық әртісі Асанәлі Әшімов 87 жасқа толды
Атырау облысының Махамбет ауданында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде
Ерболат Досаев Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге барды
Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орынды иеленді
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті
Ерболат Досаев Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады
Алматы әкімі соғыс ардагерлеріне Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді
Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 510 сантиметрге көтерілді
Дәрігер сорпаның қай түрі асқазанға зиян тигізетінін айтты
Жетісуда жолаушы әйел қаза тапты
Кәсіби футболды мемлекет есебінен қаржыландыру керек пе?
Қарағанда облысында жол апатынан екі бала қаза болып, ондаған адам ауруханаға түсті
Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды
8 мамырға арналған ауа райы болжамы
8-9 мамыр күндері Астанадағы басты көшелердің бірі жабылады
Теміртау маңындағы жол апатынан екі бала қаза тауып, 10 адам зардап шекті
Украина президенті Зеленскийге қастандық жасағысы келгендер ұсталды
Қарағанда облысындағы жол апатынан екі адам қаза болып, ондаған адам ауруханаға түсті
Жел, жаңбыр, бұршақ: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Дәрігер салмақ тастауға қандай гормондар кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты