Адвокатураны қалай күшті және тәуелсіз етуге болады?

Елімізде адвокаттар туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізілмек. Қорғаушының құқығы қорғалып, мәртебесі нақтыланбақ. Нақты қандай тетіктері өзгереді? Ақбота Базарбай айтады.Адвокаттардың проблемасы жаңа ғана көтеріліп отырған жоқ. Талай мінберде айтылды. Мысалы адвокат айналысқан істе бәрі құпия болуы шарт. Тиісті норма бар. Сондықтан олардың жүріп-тұруына, ақпарат пен дәлел жинауына ешқандай кедергі болмауы қажет. Адвокаттың өзінің жұмыс істеу тәсілі мен күдіктіні қорғау тәртібі бар. Айдын БИКЕБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Заң бойынша адвокат қылмыстық істің материалдарымен танысуға құқысы бар. Танысуға деп жазылып тұр процессуалдық кодексте, бірақ ол оның копиясын жасап ала алмайды. Сонда кейбір қылмыстық істерде 100-ден астам том құжаттар бар. Оның бәрін фотоаппарат сияқты түсіріп ала алмайды ғой көзбен, оны жаттап ала алмайды бәрін. Осындай кедергілер бар. Бүгінде Қазақстандағы адвокатура республикалық және аумақтық алқалардан құралған. Адвокаттардың жалпы саны 6 мыңнан асады. Олар республикалық орталыққа бағынады. Яғни, бірыңғай құрылған жүйе қалыптасқан. Қазір Конституциялық сот, Прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі бас құжатпен реттеледі. Олар туралы Конституциялық заң бар. Бізді де заң құқықтық тұрғыда қорғаса дейді адвокаттар. Тілеужан КІШКЕНЕБАЕВ, АДВОКАТ: Прокурордың ықпалы мықты болғаннан кейін соттар соның ығынан шыға алмай прокурордың әкелген айыптауына қарай шешім қабылдай береді. Яғни үкімді соған қарай шығара береді. Сондықтан адвокаттардың да мәртебесін сондай дәрежеде болу керек. Яғни, біздің де айтылған сөздердің соттарда мән беру керек. Заң үстемдігі мен әділ төрелік. Сот жүйесіндегі негізгі қағида осы. Құқық қорғау институттарын күшейту сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға жол ашады. Азаматтардың құқықтық санасын артыру да дәл қазір өзекті. Бұл ретте адвокаттың көтерген жүгі жеңіл емес. Сондықтан құқық қорғаушылар процессуалдық-кодекстерге өзгеріс енгізуді сұрайды. Заң жобасы мақұлданса азаматтардың құқығын қорғау үрдісі тағы бір жаңа деңгейге көтерілмек. Айдын БИКЕБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мәжілісте екі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Біреуі адвокаттардың жұмысын реттейтін заңға өзгерістер қарап жатыр, екінші топ ол жаңағы қылмыстық кодекспен қылмыстық процессуалдық кодекстерге өзгерістер дайындап жатыр. Қазақстандағы «Адвокаттық қызмет туралы» тұңғыш Заң 1997 жылы қабылданған. Заңда қаралған жағдайларда құқықтық көмек тегін көрсетілуде. Жыл сайын мұндай тегін көмекті елімізде 150 мыңға жуық адам алады. Бүгінде Қазақстан адвокаттар алқасы Халықаралық адвокаттар алқасына мүше. Алдағы уақытта Азия адвокаттар алқасына кірмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды