Аграрлық несие корпорациясы - мол өнім кепілі

Аграрлық несие корпорациясы еліміздің фермерлеріне дер кезінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге көмектесіп жатыр. «Кең дала 2» бағдарламасының арқасында шаруаларға қаржылай несие беру жолдары жеңілдей түсті. Ал қарызды қайтару мерзімі ұзартылды. Игі бастаманың игілігін қазірдің өзінде Қостанай облысындағы 65 шаруа қожалығы көріп отыр. «Әбіл» шаруа қожалығы бұл жолы өзгелерден бұрын көктемгі егісті аяқтады.12 мың гектер жерге дән сіңіру жұмыстары дер кезінде жүргізілді. Аграрлық несие корпорациясынан еш кедергісіз әрі жылдам 150 миллион теңге алдық. {Қомақты қаражаттың арқасында} ауқымды жұмысты межелі уақытында атқардық, дейді қожалық басшысы Асқар АМАНОВ, «ӘБІЛ» ШҚ БАСШЫСЫ:Біз бұл корпорация құрылғалы көмек алып келеміз. Астық тұқымын сатумен айналысамыз. Тұқым саудасы көп жағдайда көктем кезінде қыза түседі.Ал бізге дәл осы уақытта дизель отыны, тыңайтқыш сатып алуға қаражат керек болады. Сондықтан корпорацияға алғысымыз шексіз. Кәнігі фермер Анатолий Сергеев те «Кең дала» бағдарламасының көмегімен көктемгі және күзгі жұмыстарды жүргізіп отырғанын айтады. Жыл сайын 40-50 миллион теңгеге дейін несие алады екен. Аграрлық несие корпорациясы жыл сайын шаруаларға 140 миллиард теңгеден астам қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бұл қаражат жеткіліксіз. Енді «Кең дала 2» бағдарламасы аясында қаражат көлемі еселеніп, шаруаларға тиімді әрі жеңіл жолдары ұсынылып отыр.Игі бастамаға қосымша 300 миллиард теңге бөлінеді. Марлен НӘБИЕВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Жаңа бағдарлама бойынша субсидияның бәрін Аграрлық несие корпорациясы тікелей ауыл шаруашылығы министрлігінен алады. Фермерлерге таза 5 пайызбен субсидиясыз қаржыландыру бөлінеді. Екіншісі кепіл жағынан жеңілдіктер. Тек ғана қаржыландыру соммасынан 15 пайызына өзінің кепілін қояды.Қалған 85 пайызына «Даму» қорының гарантиясын алуға мүмкіндік беріледі. Жаңа бағдарламамен несие алуға Қостанай облысының 99 фермері ниет білдіріпті. Соның алпыс бесі қомақты қаражатқа қол жеткізді. Қалған шаруалардың да өтінімі қарастырылып жатыр. Мэлс БАЙБОЛОВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ ҚОФ ДИРЕКТОРЫ:Филиалда бізде 10 миллиардқа дейін өтінім тіркелді.Сонымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта сол бағдарлама бойынша 2 миллиард теңгенің заявкасы қаржыландырылды.  Айта кету керек, фермерлер қаржыны Аграрлық несие корпорациясының филиалдары, екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер,әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдары арқылы ала алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады?
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды