Ауыл шаруашылығы саласына нақты серпіліс керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында агроөнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану керектігін де ескертті. Ол үшін өнімді жоғары өңдеу үлесін 70 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл төскейде мал бағып, оны сатып қана күнелткен шаруаларға тың мүмкіндіктер ұсынады,- деп қуануда шаруалар. Агрокешенді шикізаттан өндірістік бағытқа көшіру ішкі нарықты ұстап тұру үшін керек.Бұл әсіресе, көршілес елдердің импортына тәуелді Атырау облысы үшін маңызды. Мәселен, статистикалық мәлімет бойынша, биылғы алғашқы жартыжылдықта өндірісті өлкеге кеден одағы елдерінен 24 мың тонна агроөнім тасымалданған. Яғни 22 млн АҚШ доллары көрші елдер қазынасына құйылды. Президенттің мақсаты – елімізді Еуразия құрлығындағы басты агроорталыққа айналдыру. Мемлекет басшысы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарына басым бағыт беруді тапсырды. Жолдау мал басын көбейтіп, сатумен айналысқан шаруаларға тың серпіліс береді,- дейді Айбар Ерекешов. Айбар ЕРЕКЕШОВ, ШАРУА: Президентіміздің жолдауының арқасында алдағы уақытта көптеген өндіріс орындары ашылады деген ойдамыз. Және өндірісте өзіміздің шикізатымызды халыққа жеткізетін мүмкіндік туады. Яғни сүт өнімдері, консерв, щұжық өнімдері ол үлкен жетістік деп есептеймін. Және шаруалар болып талпынамыз деген ойдамыз. Ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар тәжірибесі бар Серік Сәрсекенов бұл орайда мамандардың рөлінің маңыздылығына тоқталды. Төрт түдікті асылдандыру, жаңа технологияларды қолдануға бағыттау үшін шаруаларды оқыту керек, - деген пікірде. Серік СӘРСЕКЕНОВ, САРАПШЫ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытында айтқан шаруалар да өзекті мәселе. Соның бірі - ғылыми-өндірістік дамыту бағытында. Мал шаруашылығын асылдандыру бағытында, бонитировка бағытында мамандарды әлеуметтік бағдарламаға байланыстырып, оқытқымыз келді. Менің байқағаным әрбір өңірде, әрбір облыса белсенді азаматтар көп екен. Елімізде сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсынатын кәсіпорындардың қажеттілігіне тоқталған мемлекет басшысы агрофирмалардың ірі компаниялардың қатарына кіруін қолдайтынын айтты. Бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тартуға керек,- деді.