2021 жылы жүрек ауруына байланысты карьерасын аяқтаған «Манчестер Сити» мен Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Серхио Агуэро футболға оралуы мүмкін, деп жазады BasSport.kz.Аргентинаның «Индепендьенте» клубы 35 жастағы ойыншыға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлайды. Агуэро кардиологтан алаңда 10-20 минут ойнауға рұқсат сұраған, дәрігер келісімін берген көрінеді. Агуэро «Индепендьенте» сапында бірнеше жолдастық кездесуге қатысып, футболшы ретінде мансабын аяқтай алады. Естеріңізге сала кетейік, аргентиналық осы клубтың тәрбиеленушісі.