Елімізде жанар-жағармай бағасы 11%-ке қымбаттайды. АИ-92 маркалы бензин литріне 205 теңгеге, ал дизель 295 теңгеге дейін көтерілмек. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Оның айтуынша, сұйық отынды бұрынғы бағада қалдыру, бензин мен дизельдің толық тапшылығына әкеледі. Ал, жанармайдың жетіспеушілігін алдын-алу үшін елімізде 4-ші мұнай өңдеу зауыты салынбақ.Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Мұның өңдеу тереңдігі жоғары болады. Басқа сөзбен айтқанда дизель отыны болсын бензин болсын көбірек шығару мүмкін. Мысалы, дизель мен бензинді қосқанда жаңа зауытта 80-90% дейін шығаруға болады, өңделген мұнайдан. С. Оралбеков