Аида Балаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. Айта кетейік, кеше, 1 қыркүйекте Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.