Аида Балаева: Қазіргі таңда елімізде 25 мыңнан астам кітапханашы жұмыс істейді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапханашыларымызды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бүгін елімізде баға жетпес қазыналарымыздың бірі - кітаптарымызды көздің қарашығындай сақтап жүрген кітапханашыларымыздың кәсіби мерекесі. Мемлекет басшысы жас ұрпақты ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеп жүрген кітапханашылар мен кітапханалар жағдайына айрықша көңіл бөледі. Оған негіз де бар. Қазіргі таңда елімізде 25 мыңнан астам кітапханашы, 11 мыңға жуық кітапхана, 328 миллионнан астам кітап қоры бар. Бұл еліміз үшін баға жетпес рухани байлық. Үкімет қаулысымен бекітілген бүгінгі дата кездейсоқ емес. Еліміздегі ең алғашқы кітапхана Батыс Қазақстан облысында осыдан 152 жыл бұрын 24 қазан күні есігін ашқан. Бүгінде Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапхана өңірдегі 360 кітапхананың әдістемелік орталығы саналады, - дейді министр. Оның айтуынша, Қазақстан бойынша ең үлкен кітапхана – Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана. Мұнда қазір 7 миллионнан астам кітап қоры бар. Соңғы кезде кітап оқу тренді қайта жаңғырып, оқырмандар саны 9,5 миллионға жетті. Әсіресе, ата-аналар бала тәрбиелеуде кітаптың көмегіне көбірек жүгінеді. Бүлдіршіндерді осы күндері фантастика және комикс жанры ерекше қызықтырады. Бұл ретте отандық баспаханаларға айтарым, балалар кітапханасын дамытуға бет бұру керек. Бұл нарықтың сұранысы. Одан басқа, кейінгі 5 жылда кітапханалар қоры тек мемлекеттік тапсырыспен шыққан 4,5 миллионнан астам кітаппен толықтырылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады, - деді ол. Министрдің сөзінше, заманға сай электрондық кітапхананы дамыту жұмысы қарқын алды. Алдағы уақытта еліміздің барлық кітапханалары біртұтас ақпараттық жүйеге қосылатын болады. Оқырмандар еліміздің кез-келген кітапханасынан қажетті кітапты «бірыңғай билет» арқылы оқи алады. Қолдағы смартфон арқылы кез-келген кітапханамен байланыс ортанатуға болатын жобалар тағы бар. Сондықтан осы игіліктердің барлығын әрбір оқырманына жеткізушілердің бірі – кітапханашылар. Сіздердің еңбектеріңіз ерен! Баршаңызды кәсіби мерекемен, ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жемісті жұмыс тілеймін. Еліміздің рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға қосып жатқан еңбектеріңіз әрі қарай да табысты бола берсін! - деп құттықтады Аида Балаева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді