Air Astana әуекомпаниясы Әзербайжанның Қарабақта бастаған операциясына қатысты үндеу жариялады.Әуетасымалдаушылар Air Astana және Fly Arystan Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны айналып ұша бастады. "Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясының тобы (Air Astana және FlyArystan) Түркияға, Еуропаға және Израильге осы аймақтан айналып ұшып жатыр", - делінген хабарламада. Тасымалдаушының айтуынша, олар жағдайды бақылап отыр және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық шараларды қабылдайды. Айта кетейік, Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы іс шаралар басталғанын мәлімдеді. Никол Пашинян өз тарапынан Әзербайжанмен әскери әрекеттерді бастауға мүдделі еместігін айтқан. Арменияда, Ереван орталығында, Қарабақтағы жағдайға байланысты антиүкіметтік митинг басталды.