"Ажырасуды мен қаладым": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді

"Кеш YOU" тобының экс-әншісі Балжан Бидаш “Harper’s BAZAAR Kazakhstan” басылымына берген сұхбатында Жахан Отарғалиевпен не үшін ажырасып кеткенін ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Балжанның айтуынша, оның өнерден алыстауына бұрынғы күйеуі себеп болған. “Бұл пауза ұзаққа созылды. Дегенмен жүрегім сахнаны әрқашан қалап тұрды, ол киелі мекенге сүйікті жар болсам да, бір күні келетінімді сездім. Жақында тележүргізушілікке қадам бастым. Мен үшін тың бағыт. Бірақ бұл салада өзімді еркін сезінемін. Шектеуге шырмалып қалғаным бар. Кезіндегі батылдығымды жоғалтып алғандаймын. Сахнаны жатсынып қалған соң, әуелгіде қобалжығаным рас. Бірақ, соңында ашыла алдым. Тұрмыста жүргенде блогерлікке акцент қойдым. Бала кезден музыкаға ерекше қызыққаныма қарамастан, отбасылық өмірді алға қойып, шығармашылығымды ысырып тастадым. Өйткені күйеуімнің талабы сол болды”, –дейді өнер иесі. Әнші шектеу мен қысымнан босап, еркіндікті таңдаған. “Менің түсінгенім, адам адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Себебі, әркімнің өз қалауы, таңдауы бар. Махаббат бар жерде қолдау бар. Гармония орнайды. Отбасымда еркін өстім. Әке-шешем ешқашан қалауымнан тыс дүниеге мәжбүрлеген емес. Екі ағам да қаталдық танытатындай қылығым болған емес. Олар әрқашан маған сеніммен қарап, әр бастамама қолдау білдіретін. Бұл өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию аздық етеді. Ең бастысы – жүрек тыныштығы. Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан, арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында арамызды суытты”, – дейді Балжан Бидаш. Сондай-ақ ол Жаханның әлеуметтік желіге “Бәрі бітті” деген жазбамен жариялаған видеосына қатысты пікір білдірді. “Расын айтсам, бұл видео ешқандай эмоция тудырған жоқ. Дәл сол сәтте маған бәрібір болды. Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі Жаһан – өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан”, – деді өнер иесі. “Достық қарым-қатынаста қала алдыңыздар ма?” деген сұраққа Балжан: “Ажырасуды мен қаладым. Бір күнде шештім де, кеттім. Дегенмен, эмоцияға берілмей, оған дер кезінде қолдау білдірдім. Өйткені ол кезең оған да ауыр. Ниетім түзу екенін көрсеттім”, – деп жауап берді. Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш актер, кинопродюсер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткенін айтқан болатын. Әнші ажырасқаннан кейінгі жай-күйімен де бөлісті. Балжан Бидаш желідегі парақшасында әлдекімнің өзіне ұсыныс жасағанын айтқан болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел