"Ажырасуға достарының әсері болды"

Әнші Сиви Махмуди 10 жыл бірге тұрған күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. "Ажырасқалы сұхбат берген жоқпын. Екі жыл өтті. Кішкене шет-жағасын айтып берсем болады деп ойлаймын. Бізде басынан дұрыс басталған жоқ. Кейбіреулер "басы қатты болса, аяғы тәтті болады" дейді ғой. Басынан ата-ананың разылығы болмаса, ары қарай да дұрыс болмайды. Себебі ата-ана сезеді, біледі. Басында ата-анам қарсы болды. Ол кісілер білген бойды сұрастырған. Жиырмадан енді асқан кезде тұрмысқа шығып кеттім. Шыны керек, он жыл отастық. Ешқандай өкініш жоқ. Тағдырым кинодағыдай болса да, оңай болған жоқ. Қыздар да бар шығар. Бірақ қазақтың жігіттері намысшыл ғой. Достары "әйелің жұлдыз, сен қорқасың ба? Үйден шықпайсың ба?" дегендей айтады ғой. Сол достарының әсері болды. Ортасында дұрысы да, дұрыс емесі де болды. Шыдамның да шегі бар. Үш бала үшін шыдадым. Әрине, жолдасымның да жақсы қасиеттері бар. Түбегейлі жамандамаймын. Бірақ ренжитін кездерім болатын. "Неге маған көңіл бөлмейсің? Үш балаң, ұл десең ұл, қыз десең қыз туып бердім" дегенде "Мен көшеде өскен баламын. Мені байлап ұстай алмайсың. Достарымның арқасында нан жеп жүрмін, күнімді көріп жүрмін. Сенетін ағам, әкем жоқ" дейтін. Басында түсінетінмін. Бірақ түсінгенде де әр нәрсенің шегі бар ғой", - дейді әнші.Сиви Махмуди енесімен ара-қатынасы жақсы болғанын айтады. Ол ажырасу туралы шешімді өзі қабылдағанын айтады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Маңғыстаулықтар Азия чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовті салтанатпен қарсы алды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қаңтардан қаңтарға дейін...