"Ақ халатты азал жандар барлық мәртебе мен атаққа лайық", - Е. Қошанов

Еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам дәрігер, медбикелер, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылары Елордада бас қосты. Олар «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Дәрігер Talks» диалог алаңында медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Дәрігер мен мейірім егіз ұғым. Адам жанына араша түсер абзал жандар барлық құрмет пен мәртебеге лайық. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Дәрігер Talks» диалог алаңында осылай деді. Ол мемлекет әрқашан денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ партияның 70 мыңға жуық мүшесі – медицина саласының өкілдері екенін және олар «AMANAT»-тың маңызды тірегі саналатынын жеткізді. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Мемлекет басшысының ұсынысымен қайтадан «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» мемлекеттік наградасы енгізілді. Бұл атақ үшін 4 млн теңге ақшалай сыйлық қарастырылған. Қоғам дәрігерлеріміздің ерен еңбегін бағалап қана қоймай, олар туралы егжей-тегжейлі білуі керек деп санаймын. Сол себепті де «AMANAT» партиясы осы «Дәрігер Talks» алаңын ашып отыр. Осы жерде жалпы медицинаның жағдайынан бастап, әр дәрігердің өмір тәжірибесі, көзқарас пікірлерін біз ашық талқыға салатын боламыз. Елімізде ақ халатты абзал жандарды қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бұрын-соңды болмаған оң шаралар қабылданды. Елдіекендегі дәрігер тапшылығын шешу үшін ауылдық жерге көшіп барған мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға енгізілген бұл норма «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:Соңғы 3 жылдың ішінде дәрігерлердің жалақылары 2 есе көбейді. Медицина қызметкерлерінің жалақылары да көбейді. Негізі 270 мыңнан астам қазақстандық пен олардың отбасылары жалақының өсуін сезінді. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде осыншама медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 70 мыңы, яғни 3/1-і «AMANAT» партиясының мүшелері екенін атап өткен жөн. Дәрігерлердің алдына қойған мақсаты бір. Ол - халық денсаулығын басты назарда ұстау. Ал бұл тұста тәжірибе алмасу маңызды фактор. Жиынға қатысушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса екен дейді. Динара ЖҰМАДІЛОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:Біз өзіміз педиатор болғандықтан әрбір баланың денсаулығына, өміріне жауаптымыз. Сол себептен ұлтымыздың, халықтың алдында жауапкершілік өте зор деп есептеймін. Барлық дәрігерлерді осында жинап, медицинаның майталмандарын, өңірлерден, ауылдардан келген дәрігерлерді көріп пікір алмасып жатырмыз. Өте керемет іс шара өтіп жатыр. Жиын соңында кәсіби қызметіндегі еселі еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкері марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл шара жалғасын табатынын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бокстан Қазақстан чемпионаты: жартылай финалистер анықталды
Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» үздік ойыншысы болды
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады