«Ақ халатты жандарды арнайы қызмет көрсететін өкіл ретінде заңмен қорғау керек», - депутат

Бүгін Оралда, бірер күн бұрын Қарағандыда болды. Ел ішінде мұндай жағдайлардың жиілеуі депутаттардың назарын аударды. «Адам өмірін сақтау үшін арпалысатын ақ халатты жандарды арнайы қызмет көрсетуші өкіл ретінде заңмен қорғауымыз керек. Бұл – уақыт күттірмейтін шешім!» Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Қарағандыда болған жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу оқиғасын айтып, ақ халаттыларды қорғау мәселесін көтерді. Соңғы кезде заңды белден басып, ойына келгенін істейтіндер көбейді. Қарағандыда болған оқиға – соның айқын дәлелі. Айдың-күннің аманында өз қызметін адал атқарып жүрген жедел жәрдем жүргізушісін қан жоса етіп соққыға жығу – барып тұрған бассыздық,-дейді депутат Елнұр Бейсенбаев. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Құқық бұзушы Нұрболат Дәкебаевтың бұл әрекеті – жәй ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық, не істей аласың деген дөңайбат. Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқанын біліп тұрса да, еш айылын жимастан жұдырық сілтеп, қызметтегі адамды қанға бөктіруі – әбден шектен шыққандық, нағыз қаныпезерлік. 1 жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін ашықтан-ашық, куәгерлердің көзінше ұрып-соғу не деген сұмдық? Бұған дейін бәзбіреулер Талғарда, Шымкент пен Петропавлда да медицина қызметкерлерін соққыға жыққан. Содан кейін депутаттар бірнеше рет медицина қызметкерлерін қорғау үшін арнайы статус бекітуді ұсынды. Алайда Үкімет әлі күнге дейін нақты шешім шығармады. Насима ҚОРҒАНБЕКОВА: Мәжілісте біз күткен ұсыныс айтылды. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адам әлі табылған жоқ. Мұндай жағдай тағы қайталануы мүмкін. Сол үшін зорлық-зомбылық көріністерін тоқтату керек. Әр адам өз құқығын білуі керек. Көпшілік заң бұзғандар кешірім сұрап құтылып кетеді деп ойлайды. Кейбірі, тіпті, өз мүддесін қорғай алмайды. Иә, бұл оқиға қоғамда әлі күнге дейін өз құқығын қорғай алмайтын адамның көп екенін көрсетті. Өз мүддемізді былай қойғанда, заң алдындағы міндеттерімізден де хабарсызбыз. Салдарынан қылмыс жасайтындар да, сол тәртіпсіздікке бейжай қарайтындар да азаймай тұр. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Соңғы кезде қоғамда осындай агрессияға бейім адамдар көбейіп кетті. Бірден екі сөзге келмей ұрыса жөнелетін немесе жұдырық ала жүгіретін адамдар арамызда көбейіп бара жатыр. Ананың мейірімін, әкенің рухын сезініп өспеген балада осындай бағаланып төмен болады да, кішкентайынан өшпенді болып өседі айналаға. Қоғам белсенділері, депутаттар қоғамда ұлттық құндылықтардан ада, әдеп пен ар-ұятты артта қалушылық деп санайтын, адамшылыққа жат ойлармен санасы уланған азаматтар қалыптасып жатқанына алаңдайды. Заң мен тәртіп үстемдік ететін, әрбір азаматтың құқығы қорғалған, өз өмірі мен денсаулығына қауіптенбейтін әділетті Қазақстанда Президент айтқандай заң мен тәртіп бұзушылыққа төзбейтін жағдай қалыптасуы керек дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді