«Ақ Жол» демократиялық партиясының кандидаттары үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде киелі Түркістанға табан тіреді.Партия мүшелері алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып құран бағыштады. Мұнан соң жергілікті халықпен кездесу өтті. Жиында саяси ұйымның бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ, жұрт өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды. Мұнан соң партия өкілдері облыстағы кәсіпорындарды аралады. Әр еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшылармен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Естеріңізге сала кетейік үгіт-насихат кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы 11 мыңнан аса кездесу өткізді. Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы республикалық штабтың мүшелері киелі Түркістан жеріне келіп отырмыз. Біз осы сайлау алды науқанымызды ең алғашқы күн Жошы ханның басына барып Қазақ хандығының арғы атасы басына барып құран бағыштадық.