«Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмысымен Маңғыстау өңірін аралауда. Бүгін аймақ жұртшылығымен бірге Амал мерекесін тойлады.Көрісу күнінде кандидаттар халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бірнеше еңбек ұжымына барып, алдағы сайлаудың мән-маңызын түсіндірді. Мұнан соң, спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесті. Спортқа қызығушылығы бар балаларды баулып жүрген ұстаздарға партия Төрағасы Азат Перуашев алғыс айтты. Азат ПЕРУАШЕВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының мүшелері міне киелі Маңғыстау жеріне келіп, Амал күнін Жаңаөзендегі халық арасында қарсы алуды жөн болады деп шештік. Бірнеше кәсіпорынды аралап шығып еңбек ұжымдарымен кездесіп, көрісу күнімен құттықтап,бір-бірімізді құттықтап,бір-бірімізге жақсы тілек айтып.