«Ақ жол»демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін Елорда тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, халықпен тілдесті.«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттыққа үміткерлер сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Еліміздің барлық өңірінде саяси ұйымның үгіт-насихат жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Республикалық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін пысықтауда. Аяулым МҰҚАШЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ МҮШЕСІ: Сайлаудың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан да үгіт насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін біздің партиямыздың белсенділері қала тұрғындарына үгіт-насихат материалдарын таратып партияның бағдарламасы жөнінде қысқаша айтып берді. М. Жолдыбалин