"Ақжол" партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Көкшетау қаласына барды. Ірі кәсіпорындарын аралады.Ақжолдықтар ең алдымен, аймақтағы ең ірі өндіріс орнына барды. 1000-нан аса адам жұмыс істейтін мекемені аралап, жұмысымен танысты. Жұмысшылармен кездесіп, саяси ұйымның бағдарламасын таныстырды. Партия Төрағасы нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ірі зауыттың болашағы зор екенін айтты. Мұнан соң, партия өкілдері ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауытқа барды. Ондағы еңбек ұжымымен кездесіп, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Сайлауалды бағдарламасын баяндады. Үміткерлер Көкшедегі бірнеше кәсіпорынды аралады. Азат ПЕРУАШЕВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өндіріске келсек,бұл жерде бұрынғы кезде кейбір зауыттардың жағдайы шын айтсам қуантып жатыр. Себебі бұрынғы кезде екі үш цех қана болатын қазір қарасақ жаңа цехтар, жаңа өндірістер ашылып жатыр, құрылғылар алып келіп оны да салып отыр.