"Ақ жол" демократиялық партия өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын Қызылорда облысында жалғастырды. Мекемелерге барып, сайлауалды бағдарламаларын талқылады.Ақжолдықтар Сыр елінде бірнеше мекемені аралады. Жұмысшылармен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламаны жіті таныстырды. Көпшілік мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Бизнестің даму қарқыны секілді өңірдегі маңызды мәселелер ортаға салынып, талқыланды. Үміткерлер алдағы саяси науқанның маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, мамандармен жол құрылысындағы қордаланған мәселелерді айтып, екі жақты пікір алмасу ашық диалог форматында жүргізілді. Басты мақсат - кездесуге келгендердің ойын білу. Жан-жақты тақылау. Рахымжан ТІЛЕУЛИЕВ, «ДОРСТРОЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біздің мекемеге де депутаттыққа үміткерлер келді. Соның ішінде біздің мекеме жұмысшыларымен әңгіме болды. Сұрақтарымызға жауап берді. Ашық диалог форматында өтті деп санаймыз.