«Ақ жол» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен елордаға келді. Олар еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.Ақжолдықтар жұмысшыларға өздерінің сайлауалды бағдарламасының экономикалық бөлімін түсіндірді. Ауыл шаруашылығы саласының болашағын талқылап, пікір алмасты. Жиынға Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсының өкілдері де қатысты. Кәсіпкерлер бірқатар сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты. Кездесуде «Ақ жол» партиясы мен Альянс мүшелері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Партия өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде өткізіліп, халықпен тығыз байланыс орнату жалғасуда. Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда Ақжол партиясы сайлауалды науқанның ортасында келе жатыр. Біз барша аймақтарда осы еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, халықпен кездесуді өткізіп отырмыз. Бүгінгі күні қол қойған меморандум идеясы да содан шықты.