«Ақ жол» партиясының өкілдері сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды. Еліміз үшін экономикалық маңызы бар өңірдің өндірістік кешенімен танысты.Сапар барысында ақжолдықтар Оралдың бірқатар кәсіпорнын аралап, жиһаз цехы мен трансформатор зауытында болды. Ондағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жұмысшылардың мазалаған сұрақтарына жауап берді. Сапар соңында партия өкілдері қаланың ең ірі сауда орталығына барып, кәсіпкерлермен кездесті. Пікір алмасып, сайлауалды бағдарламаның маңыздылығын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл жерде сауда айналымы өте дұрыс өсіп келе жатыр. Және де азық-түлікпен айналысатын компаниялар бар. Бұл жерде машина жасайтын компаниялар бар. Белгілі мына зенит сияқты ия. Бұл жерде мал ұстауға өте дұрыс.