«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Алматыда жалғастырды.Бүгін партия мүшелері Алматы қаласының маңындағы мекемелерді аралап, теміржолшылар, ұстаздар және әртүрлі саладағы бизнес өкілдерімен кездесті. Партия төрағасы жұртшылыққа ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. «Ақжолдықтар» үгіт-насихат кезеңі аяқталғанға дейін еліміздің барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр. Парламент мәжілісі депутаттығына партиялық тізіммен 71 кандидат ұсынылған. Азат ПЕРУАШЕВ, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз бүгін міне Алматы локоматив депосына келдік. Алматыдағы теміржолшылармен сөйлесіп, олардың қазіргі жағдайы,олардың қазіргі проблемаларын талқылап. Әрине партиямыздың жүргізетін жұмысы қызметі жөнінде ақпарат бердік. Және де олар көтерген ұсыныстарды,сұрақтарды талқыладық,жауап беруге тырыстық.