Елордада «Ақ Жол» партиясының кандидаттары "Астана су арнасы" мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.Жиында "Ақ Жол" партиясының төрағасы сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесу соңында партияның алдағы жоспары мен сайлауалды тұғырнамасы кеңінен баяндалды. Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мұндай кездесулер ерекше маңызды деп санаймыз. Әрине, еңбек ұжымдарымен кездесіп, кез-келген мекеменің қызметкерлерімен ақылдасып, пікір алмасып келе жатырмыз. Әрине, бұл жерде екі мақсат ұстаймыз. Біріншіден - партиямыз жүргізетін жұмыстан ақпарат беру. Екіншіден - мұндай кездесулерді халықтан ақпарат жинау үшін қолданып отырмыз.