«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Алматыда жалғасты. Онда 500-ге жуық адам жиналды.Алматыда әкімдікпен келісілген бейбіт шеру қала ішіндегі саябақтың бірінде болды. Ақжолдықтар тұрғындарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Еліміздің әнұранын шырқаудан басталған жиын жастардың би билеп, ән айтуымен жалғасты. Мазалаған сұрақтары бар тұрғындар жауап алды. Ұсыныс-тілектерін білдірді. Шараға кәсіпкерлер де қатысты. Олар кәсіп бастауға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, бизнес ашудың қыр-сырын айтты. Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Енді осы жиналысымыздың мақсаты – бұл партиямыздың бастапқы ұстанымдарын талқылау. Әрі қарай сайлауалды үгіт-насихат компаниясы енді шешуші сондай кезекке келіп отыр. Сол үшін өзіміздің мүшелерімізге бір серпін беріп, бір бағыт беруге тырыстық.