«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмысы Өскеменде жалғасты. Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.Кәсіпкерлермен өткен кездесуде назарға алынған басты тақырып - өңірдегі бизнесті дамыту жайы. Жиналған қауым ел ішіндегі өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, штаб мүшелері аймақтағы ірі сүт зауыты мен жылу электр орталығына барды. Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде партияның алдағы жоспары, сайлауалды тұғырнамасы баяндалды. Ерлан САБЫРОВ, АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕСІ: Бүгінгі Өскемен қаласындағы кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық аппаратынан жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде негізінде кәсіпкерлік және әлеуметтік сала жөніндегі сұрақтар көтерілді.