Жастардың шашы неліктен ерте ағарады және бұл процесті тоқтатуға бола ма? Бұл сұрақтарға трихолог Юлия Нагайцева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Шаштың ерте ағаруы деп адамда 25 жасқа дейін ақ шаштың пайда болуын айтады. Трихолог маманның айтуынша, әдетте шаштың ерте ағаруына үш фактор себепші болады. Ол ерте пайда болған ақ шаш рационға нақты заттардың жетіспеуі, күйзеліс және генетикалық бейімділікпен байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Ал 30 жасқа таман ақ шаш ағзадағы физиологиялық өзгерістер әсерінен пайда болуы мүмкін."Ерте пайда болған ақ шаш – шаш түсінің 25 жасқа дейін өзгеруі. Әдетте, мұндай жағдайда тапшылықтың орнын толтыру керек: шаштың ерте ағаруына темір, мыс, мырыш немесе В тобы дәрумендерінің жетіспеуі әкеледі. Сондай-ақ генетикалық фактор бар. Мысалы, туыстарыңыздың да шашы ерте ағарды. Сонымен қатар күйзелістік фактор да әсер етуі мүмкін", - дейді Юлия Нагайцева.Генетикалық бейімділікке ештеңе істей алмаймыз, бірақ дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығын реттеуге болады."Шаштың түсін ағару процесі басталған кезде қалпына келтіруге болады. Егер алғашқы ақ шаш пайда болғанын байқасаңыз, бірден дәрігерге барыңыз. Егер ол дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеушілігін анықтаса, жылдам түзету арқылы ақ шаштың қандай да бір пайызының түсін қайтаруға болады. Алайда науқастар кеш қаралады. Жылдам әрекет ету керек", - деп кеңес берді маман.